Тірілерге жерлеу рәсімін өткізетін агенттік пайда болды
Тірілерге жерлеу рәсімін өткізетін агенттік пайда болды
117
оқылды

Оңтүстік Кореяда тірілерді жерлеу рәсімін ұйымдастыратын Hyowon деп аталатын агенттік пайда болған. Олар өздерінің күйбең тірліктен шаршап, жүйкесі тозған халықты оңалтып жатқанына сенімді.

KYN.KZ. мәлімдеуінше, ағаштан жасалған табытта адамдар кемі екі сағаттай отырады, жатады, өзімен-өзі сыраласады. Сондай кезде адам қандай әбестікке жол бергенін, нендей шаруаны аяқтай алмай қалғанын ойланады.

Жалпы бұл жерге психологиялық тұрғыдан шаршап, күйзеліске түскендердің көпшілі келіп, өзін емдеуге, ашуын басып, өмірден тек рақат көруге шешім қабылдайды екен. Тіпті жақсы жерде жұмыс істейтін, зиялы адамдар бар. Олар айына бір рет келіп, өзімен-өзі сыраласады екен.

Бұл қызметтің іске қосылғанына көп болмапты. Бүгінге дейін олар 25 000 адамға көмек беріп үлгеріпті. Олардың айтуынша, осы жерде “жерленіп” қайта кеткен кісілердің мейірімі артып, ашуы басылып, өзгелерден кешірім сұрауға асығады екен.