Шымкентте дәрігерден қорыққан 5 жасар бала үйінен кетіп қалған

Шымкентте дәрігерден қорыққан 5 жасар бала үйінен кетіп қалған

27 қараша күні Шымкент қаласының Абай ауданыдағы полиция бөліміне жергілікті тұрғын баласының жоғалып кеткені жайында хабарлаған болатын.

 NewTimes.kz-тің мәлімдеуінше, баласының ыстығы көтерілген соң, оны дәрігерге апармақ болған.  Бала сол кезде үйден шығып, жоғалып кеткен.

Бастапқыда ата-ана өздері іздеп таппақ болған, ібарқ онысынан ештеңе шықпады. Содан кейін полицияның көмегіне жүгінген. Нәтижесінде, полиция қызметкерлері баланы 40 минут ішінде Колос аялдамасынан тауып алып, анасына қайтарған.

Айтар болсақ, 26 қарашада осынған ұқсас жағдай болған. Кешке қарай Павлодардағы автовокзал маңынан кішкентай бала табылған. Күннің суығына қарамастан ол далада орындықта отырған екен. Сөйтсе, 33 жастағы ана ұлын әдейі тастап кетіпті. Ата-анасына қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Қауіпте қалдыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.