Венеция: Сан-Марко алаңы жабылды
Венеция: Сан-Марко алаңы жабылды

Венецияда – су жаңа деңгейге көтерілді. Жергілікті уақыт бойынша 11:26-да (Мәскеу уақытымен 13:26) оның деңгейі 130 сантиметр белгісінде 154 сантиметрге жетті, – деп хабарлайды bbc.com.

Италия үкіметі Венецияда төтенше жағдай жариялады. Қалаға келтірілген шығын әлі нақтыланған жоқ.

 Алғаш сейсенбі күні, 12 қарашада жаңбырдың тоқтаусыз жаууы салдарынан Венециядағы су деңгейі бірден – 187 сантиметр деңгейіне көтерілген еді. Қалада су деңгейі 1966 жылы ол 194 сантиметрге жетіпті.

Жұма күні Венецияның мэрі Луиджи Бруньяро Сан-Марконың орталық алаңына кіретін қақпаны жабуды бұйырды. Себебі су IX ғасырдағы Қасиетті Марк соборының алаңында орналасқан криптоға еніп кеткен.

«Жағдай өте күрделі, біз үкіметтен көмек сұраймыз. Мұның бәрі климаттың өзгеруінің салдары», – деп жазды мэр Twitter-дегі парақшасында.

Итальялық саясаткер Андреа Занони facebook-те аймақтық парламент климаттың өзгеруіне қарсы күреске бюджеттен ақша бөлмеуді ұйғарғаннан екі минут өткен соң ғимаратқа су кіре бастағанын жазды.

Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін, Венеция билігі круиздік кемелер үшін қаланы 21 қарашаға дейін жабу туралы шешім қабылдады,– деп хабарлайды Cruise жолаушылар порталы.