Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Тараздық тұрғындарға тамаша тарту жасалды. Жаңадан бой көтеріп жатқан №15 ықшамауданнан №25 тұрғын үй пайдалануға беріліп, талайдың көптен күткен арманы орындалды.
Баспаналы болу бақытына кенелгендерді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы құттықтап барып, пәтер кілттерін табыс етті. [caption id="attachment_91067" align="alignnone" width="1024"]Ал баспаналы болған тұрғындардың атынан Абай Өміртай сөз алып, Елбасына, Президентке және облыс әкіміне жанашырлықтары үшін алғысын білдірді. Осылайша мерейлі мереке қарсаңында тараздықтар тамаша сыйға ие болды. Енді жыл соңына дейін жоспардағы үйлердің құрылысы аяқталса, қалалықтардың қуанышы тағы еселене түсетіні хақ. Ендеше қоныс құтты болсын, құрметті тараздықтар!Жалпы өңір бойынша қазір 65 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Биыл осы үйлердің 55-нің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жыл соңына дейін кем дегенде 605 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне беріледі. Ол үшін барлық мүмкіндіктер зерделеніп, қажетті жұмыстар жасалуда, - деген облыс әкімі қоныс той иелерінің қуанышымен шын жүректен құттықтады.
Саятхан Сатылған,
Жамбыл облысы