Күйеуі қол-аяғын сындырса да, оның үстінен арыз жазбаған

Солтүстік қазақстан облысындағы учаскелік полиция инспекторлары отбасылық кикілжің тіркеуге түскен жанұяларды қарқынды тексеруде. Polisia.kz мәлімдеуінше, Мамлют аймағындағы ауылдардың бірінде жақында көшіп келген отбасының хал-жағдайын білуге полиция келген.

Үйде 35 жастағы әйел мен үш бала болған. Әйелді үсті-басы көкала болып, соққыдан ісініп тұрғаны байқалған. Алайда келіншек оны жасырып, абайсызда құлап қалғанын сылтауратты. Бірақ полициямен сөйлескеннен кейін ол күйеуінің оны жиі ұратынын мойындады. Оның соңғы соққысы  әйелдің қол-аяғы сынуымен аяқталыпты. Соған қарамастан әйел күйеуіне арыз жазбай қойған.

Оны есепке алмаған учаскелік инспекторлар жағдайды түзеуге шаралар қабылдады. Қазір ол балаларымен бірге отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарының орталығында. Оның ең кішісі небәрі алты айлық екен. 

- 44 жастағы жұбайына қарсы қорғаныс бұйрығы шығарылды: келесі алты айда оған әйелімен кездесуге және оны қудалауға тыйым салынады. Ол кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін де қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады СҚО ДП баспасөз қызметі.

 

 

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.