Солтүстік қазақстан облысындағы учаскелік полиция инспекторлары отбасылық кикілжің тіркеуге түскен жанұяларды қарқынды тексеруде. Polisia.kz мәлімдеуінше, Мамлют аймағындағы ауылдардың бірінде жақында көшіп келген отбасының хал-жағдайын білуге полиция келген.
Үйде 35 жастағы әйел мен үш бала болған. Әйелді үсті-басы көкала болып, соққыдан ісініп тұрғаны байқалған. Алайда келіншек оны жасырып, абайсызда құлап қалғанын сылтауратты. Бірақ полициямен сөйлескеннен кейін ол күйеуінің оны жиі ұратынын мойындады. Оның соңғы соққысы әйелдің қол-аяғы сынуымен аяқталыпты. Соған қарамастан әйел күйеуіне арыз жазбай қойған.Оны есепке алмаған учаскелік инспекторлар жағдайды түзеуге шаралар қабылдады. Қазір ол балаларымен бірге отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарының орталығында. Оның ең кішісі небәрі алты айлық екен.
- 44 жастағы жұбайына қарсы қорғаныс бұйрығы шығарылды: келесі алты айда оған әйелімен кездесуге және оны қудалауға тыйым салынады. Ол кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін де қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады СҚО ДП баспасөз қызметі.