Таразда «Biz birgemiz» монументі бой көтерді
Таразда  «Biz birgemiz» монументі бой көтерді
169
оқылды
ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Тараз қаласында  «Biz birgemiz» монументінің лентасы қиылды. Ел басына күн туған сәтте өз өмірін қауіпке тігіп, өзгелерге  көмек қолын созуға ұмтылған кәсіп иелеріне құрмет белгісі ретінде салынған монументттің ашылуына Жамбыл облысының  әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, ізгі тілегін жеткізді. [caption id="attachment_91083" align="alignnone" width="1024"]Тараз ©Сурет интернеттен алынды[/caption] - Ашаршылық, соғыс және қуғын-сүргін кезінде ата-бабаларымыз түрлі ұлт өкілдеріне құшақ жайып, қол ұшын созды. Сондағы халықтың бірлігі қиын кезеңдерді өткеруге көмектесті. Биылғы жыл бәріміз үшін ауыр болды. Бұл кезеңде де халқымыз өзінің ең жақсы қасиеттері – бірлік пен ынтымағынан тайған жоқ. Осы ескерткіште көірініс тапқан маман иелерінің күшімен біз жағдайды тұрақтандыра алдық. Бұл әсіресе өз денсаулығына төнген қауіпке қарамай күндіз-түні жұмыс істеген дәрігерлерге қатысты. Өкінішке орай, біз олардың кейбірінен айырылып қалдық. Сондай-ақ мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген еріктілер туралы да айрықша атап өткім келеді. Осындай жастарымыз бар кезде, біз ертеңгі күнге сеніммен қарай аламыз, -деген Бердібек Машбекұлы монументтің  құрылысын жұмыстарын  жүргізген «Темірқазық» ЖШС-на  алғысын  білдірді. [caption id="attachment_91084" align="alignnone" width="1024"]Тараз ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Жалпы «Biz birgemiz» монументі — ұлттық нақышпен көмкерілген туынды. Композицияның ортасындағы Жер шарын қол ұстасқан дәрігерлер, әскери, полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және еріктілер секілді түрлі мамандық иелері қоршап тұр. Міне, осындай терең мағыналы монументтің ашылу салтанатында облыстық мамандандырылған фтизиопульмонология балалар санаторийінің бас дәрігері Айман Ахрапқызы, жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Манас Ақбалтаұлы және  Nur Otan  партиясы облыстық филиалы жанындағы Jas Otan  Жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек те сөз сөйлеп, көпшілікті бірлік пен ынтымаққа шақырды.

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы