Вьетнам Абай мерейтойын атап өтпек
Вьетнам Абай мерейтойын атап өтпек
182
оқылды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Вьетнамға ресми сапармен барды. Кейінгі уақытта дамудың жоғары қарқынына қол жеткізген осы елде Палата спикері парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жөнінде уағдаласты, Абай орталығын аралады және жергілікті экономиканың жетістіктерімен танысты.

Нұрлан Зайроллаұлы Ұлттық жиналыстың төрағасы Нгуен Тхи Ким Нганмен келіссөздері ба­ры­сын­да парламенттердің бейінді ко­митеттері мен ынтымақтастық жө­ніндегі топтары деңгейінде өза­ра іс-қимылды жандандыруға, заң шығару тәжірибесімен алма­суға келісті.

Вьетнам – еліміздің Оңтүстік-Шы­ғыс Азиядағы маңызды се­рік­тесі. Осы орайда Мәжіліс бас­­шысы жан-жақты әрі өнімді ын­тымақтастық іргетасын Елбасы Н.Назарбаев қалағанын, ал Мем­лекет басшысы Қ.Тоқаевтың сая­саты арқылы одан ары дамып жат­қанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қа­зақстандық-вьетнамдық қа­рым-қатынасты орнатып, өркен­де­ту­дегі ерекше рөліне Вьетнам Ұлт­тық жиналысының басшысы да жеке тоқталды және еліміздің жо­ғары халықаралық беделін атап өтті.

Н.Нығматулиннің байла­мын­­ша, ЕАЭО мен Вьетнам ара­­­сында Еркін сауда аймағы ту­­ралы келісімге қол қойылуы әріп­тестіктің өрлеуіне елеулі сер­пін бермек. Өйткені Вьет­нам Еуразиялық одақпен осын­дай келісім бекіткен тұңғыш елге ай­налды. Екіжақты ынтымақтас­тық­тың перспективті бағыттары қатарында ауыл шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, кө­лік, логистика, туризм аталды.

Мәжілістегі Nur Otan фрак­­ция­сының жетекшісі ре­тін­де Нұрлан Нығматулин партияаралық диа­логты жандандыруға да мән берді.

Кездесуде екі мемлекет ара­­сында тікелей әуе қатына­сын қай­та қалпына келтіру, қа­­зақ­стан­дықтар мен вьетнам­дық­тар үшін визасыз режим енгізу мәселелері қаралды.

Қос елдің мәдени-гуманитар­лық байланыстары да айрықша маңызды. Мәжіліс спикері Ханой уни­верситетінде 2013 жылы ашыл­ған Абай атындағы мәдениет және ғылым орталығында болды. Бү­гінде орталық ұлы ақынның 175 жылдығын мерекелеуге әзір­лену­де. Палата төрағасы ЖОО оқыту­шылары мен студенттеріне Абай мерейтойы аясында Қазақстанда жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді және кітаптар серия­сын сыйға тартты.    

Мәжіліс төрағасы елдің эко­номикалық мүмкіндіктерімен Дананг қаласында танысты. Ол теңіз портының және жеңіл өнер­кәсіп кәсіпорындарының жұ­мы­сына қанықты.