14 жастағы жасөспірімдер 3 қаңғыбасты өлтіріп, бас бостандығынан айырылды
14 жастағы жасөспірімдер 3 қаңғыбасты өлтіріп, бас бостандығынан айырылды

Ал осы қылмысты ұйымдастырған азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жасөспірімдердің бірін бұрын қылмыс жасамағанын ескеріп, өзге біреудің ықпалында кеткенін есеспке алып, 7 жылға соттады. Ал үшінші адам кісі өліміне қатысы болмағандықтан, шартты түрде үш жылға сотталды. Бірақ оның басқа да жасаған қылмыстары бар екен. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

NewTimes.kz-тің мәлімдеуінше, сотталушы Ч. есімді азамат 2019 жылдың жазында Ресейден Жітіқараға келген екен. Ол сол жерде бұзақылық, тонау, меншікті иемдену бойынша бірнеше қылмыс жасап үлгерген. Сол қылмысына 14 жастағы екі жасөспірімді тартқан. Оның бірі – інісінің баласы еді.

«Олардың бұл достығы – адам өліміне байланысты еді. Оның екеуін әдейі өлтірсе, үшіншісі абайсыздықтан қолын қанға бояған.  Алғашқы қылмыста Ч. азаматы адамды өзі өлтіреді. Ал екіншіде қылмысты ұйымдастырушы болған. Ол жасөспірімді араққа тойыдырып, қолына пышақ ұстатып, жерде жатқан қаңғыбасқа «пышақ сал» деп тапсырған. Соның алдында ғана олар сол қаңғыбасты соққыға жығып тастаған болатын. Қаза болғандардың бәрі – тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Негізі  ер адам бұған дейін де адам өліміне әкелген ауыр дене жарақатын салғаны және кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқықбұзушылық жасауға итермелегені үшін Ресейде бірнеше рет сотталған. Айыпталушылардың кінәсі айтылған сөздері және жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, қылмыстық істің материалдары, соның ішінде әртүрлі сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді. Прокурор соттан сотталушы Ч.-ны өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал екі жасөспірімді 3 және 10 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрады. Жинақталған қылмыстық сот ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.