Майк Тайсон мен Рой Джонс салмақ өлшеді
Майк Тайсон мен Рой Джонс салмақ өлшеді
284
оқылды

Лос-Анджелес қаласында аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон мен оның қарсыласы Рой Джонс алдағы жекпе-жек қарсаңында салмақтарын өлшеді.

Көпшілік тағатсыздана күткен кездесу ертең өтуі тиіс. Ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Майк Тайсон төрт дивизиондағы әлемнің экс-чемпионы Рой Джонстан ауырлау болып шықты. Даңқты боксшының салмағы 100 келіге жетсе, Рой Джонс 95 келіден сәл асты. Қос спортшы салмақ өлшегеннен кейін әдеттегідей бір-біріне қарап көз түйістірді. Айта кетейік, ең атақты боксшының жекпе-жегі 2 минуттан 8 раунд жалғасатын болады.