Қарағанды маңында жеңіл автокөлікпен соқтығысқан жолаушылар автобусы жол жиегіне аударылып қалды. Апат кезінде автобуста 40-қа жуық жолаушы болған.
Оқыс оқиға бүгін сағат 12.15 шамасында Қарағанды-Есенгелді автожолының 10-шы шақырымында Новодолинский кентіне жетпей болған. «Мерседес Бенс» автомашинасының 29 жастағы жүргізушісі алдын ала деректер бойынша Шахтинск қаласы бағытымен жүріп келе жатып, №121 маршруттағы автобуспен соқтығысқан. [embed]https://youtu.be/Ai4MBBJmDOo[/embed] Салдарынан 65 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Аталмыш дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.