Дәрігерлер әйелдің толғағын тұмау деп қабылдап, үйіне қайтарып жіберген
Дәрігерлер әйелдің толғағын тұмау деп қабылдап, үйіне қайтарып жіберген

Оқиға АҚШ-тың Огайо штатында болған. 32 жастағы Натоша Крамер дәрігердің көмегіне жүгініп, асқазаны ауырып тұрғанын айтқан екен. Дәрігерлер  келіншекті тексеріп шығып, оның асқазан тұмауына дұшар болды деп тапқан. Сөйтіп, оны үйіне қайтарып жіберген.

Натошаның айтуынша, дәрігерлер УЗИ кезінде іштегі сәбиді де байқамаған.

«Шынын айтсам, толғатып жатқанымды білмедім. Өйткені дәрігерлер бұл сырқатымды асқазанға инфекция түсіп кеткен деп түсіндірді. Тіпті, босанамын деп ойламадым» деген ол бірнеше сағаттан кейін дәрігерлердің көмегінсіз босанып алған. Сол кезде оның жанында тек ата-анасы болыпты.

Daily Mail хабарлауынша, ана қызының есімін Нола деп қойған. Алайда сәбиді медициналық мекемеде тумағандықтан, оған туу туралы куәлік пен мемлекеттік жәрдемақы алуы қиындап отыр.