Қатты жауыннан кейін кәріз құдығының айналасындағы асфальт отырып қалған. Соның кесірінен көлік кәріз құдығына тіреліп қалған.
Көлік иесі оның салдарын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап жіберген. Ал қала әкімінің баспасөз қызметі бұл жерге құмның дұрыс толтырылмағанын айтып ақталуда.
[embed]https://youtu.be/C3xTAIlZ1sQ[/embed] "Кәріз құдығының маңы құммен дұрыс толтырылмаған, соның кесірінен жауын-шашыннан кейін жер отырып қалып жатыр. Жөндеу жұмыстарын «Шебер-Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізген болатын. Қазір мердігер компания құдықтың айналасын құммен жауып үлгерген, алайда әлі асфальт төсемеген еді. Асфальт келісімен төсеу жұмыстарын жүргізіледі, - деді баспасөз қызметі.