Отбасылық құндылықтардың маңыздылығы туралы онлайн-тренинг өтті

Отбасылық құндылықтардың маңыздылығы туралы онлайн-тренинг өтті

«Зор Рух» қайырымдылық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Отбасы институты» жобасы аясында жоғары оқу орындарының студенттері үшін ZOOM платформасында отбасын құру, отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша онлайн дәрістер мен онлайн семинар-тренингтер ұйымдастырды. «Менің болашақ отбасым», «репродуктивті денсаулық», «экономика және отбасылық бюджет» тақырыптарында дәрістер мен семинарларды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отбасылық құндылықтарды зерттеу орталығының директоры, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Кабакова Майра өткізді. Онлайн семинар-тренингте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Тұран» университеті, «Қайнар» Академиясы, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы, С.Ж. Асфендияров атындағы медицина университеті, «Нархоз» университеті, Еуразиялық технологиялық университеттерінен 500-ден астам студент қатысты. – Отбасылық өмір – бұл үлкен шығармашылық жоба! Егер осы маңызды жоба шеңберіндегі қызмет пен қарым-қатынас ләззат сыйласа, қуаныш сыйласа, онда сіз бақытты адамсыз, – деп есептейді Алматы қаласының жастар мен отбасын тұрақты дамыту бөлімінің басшысы Орынбасар Құдайбергенов.