Немолчиkz. жазуынша, бұл – Гүлнардың екінші күйеуі. Әмеңгерлік жолмен күйеуінің ағасына тұрмысқа шыққан ол одан да тыныштық таппады. Ол да оның бірінші күйеуі секілді ұрып-соғып, өле-өлгенше сабаған екен. Сол себепті де Гүлнар бірінші күйеуімен ажыраспақ болған. Екі кішкентай қызын алып кетіп, күйеуімен кездеспек түгілі бір ай бойы сөйлеспей қойған. Әйелінің бұл қылығына шыдамаған ол өзіне-өзі қол салған.
Артынан күйеуінің туыстары баланы сыртқа жібермейміз деп жүріп, Гүлнарды күйеуінің туған ағасына тұрмысқа шығуға көндіреді. Әйтпесе, балаларын тартып аламыз деп қорқытады. Ал Ахат Валеев болса, бір топ жігіттермен қыз зорлығы үшін түрмеден жақында шыққан. Сөйтіп, 2005 жылы олардың ортақ алғашқы ұлы дүниеге келеді. Соған қарамастан Ахат Гүлнарды ұрып-соғуын тоқтатқан емес. Арасында балаларды алып қашпақ болғанда күйеуі «Оларды тәрбиелегенше, бәріңді өлтіріп, түрмеге отырып шыққаным жақсы» дейтін.Оның бұл жағдайын беске білген туыстары Гүлнарды аяған емес. Денсаулығынң нашарлағанына қарамастан тоқтаусыз жұмыс істеткен. Тіпті, аяғы ауыр кезде де, түсік болғанда да жұмыссыз отырмаған. Ал тапқан табысын күйеуі тартып алып, құмар ойынға, ішімдікке, жүретін қыз-келіншектеріне шашып жүрген.
«Полиция болса, отбасылық кикілжіңге бас сұққысы келмейтін. Әрі кеткенде оны қамауға алар. Ал ол 2-3 сағатта жиналып, 4 баламен қайда кетесің, кімді паналайсың?» деп жүрген Гүлнар күш-жігерін жинап күйеуінен 2019 жылы кетіп қалады. Үйден ешбір затты алмастан кеткеніне қарамай, Ахат оған тыныштық бермейді. Тіпті бірде жұмыс істейтін орнына пышақпен келіп, оны тіліп-тіліп жіберген. Алған жарақаттан көз жұмады деп ойлап, өзіне де пышақ салған. Бірақ жедел жәрдем екеуін де аман алып қалған.12 қарашада өткен Қостанай қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Валеев Ахаттың әйелі Гүлнарды өлтіруге оқталғаны үшін қатаң режимдегі түзеу мекемесінде 8,5 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ қор бұл шешімді тым жұмсақ деп келіспей отыр.