Бүгін-ертең Қазақстанның қай облыстарында қар жауатыны болжанды

Бүгін-ертең Қазақстанның қай облыстарында қар жауатыны болжанды

Ауа райының өзгеруіне байланысты еліміздің бірнеше облысында ескерту жарияланды.

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде қалың қар жауып, қатты боран соғады. Жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Сол секілді Ақмола облысының оңтүстік-шығысында түнде қалың қар жауып, кей жерді тұман басып, боран соғады.

Ал 29-30 қарашада Жамбыл облысының кей аймағында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Тараз қаласы да тұманға оранады. Павлодар облысының кей жерінде толассыз қар жауып, бұрқасын болады деп күтілуде.