Жігіті үшін бүкіл отбасына несие алдыртқан қыз
Жігіті үшін бүкіл отбасына несие алдыртқан қыз

Төменгі Новгород облысының тұрғыны жігітімен бірге бақытты да баянды өмір сүру үшін бүкіл отбасына 15 миллионға несие алдыртқан.

Павловоның тумасы 36 жастағы Ольганы елдің бәрі жақсы біледі. Ел алдында сыйлы қыз. Сұлу қыз 10 жыл бойы банкте жұмыс істеп, адамдардың несие алуына көмектесіп жүрген. Сөйтсе, ол несиені оларға рәсімдегенімен, ақшаны өзіне жинаған. Оның құрығына банк клиенттері ғана емес, өзінің әке-шешесі, туған әпкесі, жиені мен оның күйеуі ілінген. Тіпті он жыл бойы кездесіп жүрген жігітінің туыстарына да рәсімдеген.

Оның әрқайсысы 700-900 мыңнан алған. Біраз ақша жинап алған соң, Ольга Түркияға қашып кетті. Ол сол жақта жаңа бір жігітімен демалып жатқан суреттерін үй ішіне жіберіп отырған. "Өтіріктің құйрығы қысқа" демекші, оның өтірігі ашылып, полиция тұтқынға алды. Енді Оляны түрік жағалауында ыстық күндерін өткізудің орнына темір тордың ар жағында ауыр жылдар күтіп тұр.