Елордада Фариза көшесі бар
Елордада Фариза көшесі бар
5,131
оқылды

Елордадағы «Вена орамы» тұрғын үй кешені жанындағы жаңа көшеге қазақтың аяулы ақын қызы Фариза Оңғарсынованың есімі берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне қоғам қайраткерлері, депутаттар мен көпшілік қауым жиылды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі­нің орынбасары Бақтияр Мә­кен ашылу салтанатында: «Қазақ­тың ұлы ақыны, ардақты қызы Фариза апамыздың есімін қала­­мыздың жаңа көшелерінің біріне беріп отырмыз. Қазақтың ақын қызы Парламент қабыр­ғасында да халықтың мұңын жоқ­тап, көп еңбек сіңірді. Ақын қыз­дың есімін көшеге беру ке­лесі ұрпаққа да тәрбиелік ма­­ңызын береді деп ойлаймын. Апамыздың аты мәңгі өшпесін! Осы көше апамыздың есімімен даңғыл жолға айналсын» деді.

Ашылу салтанатына жиыл­ған қоғам қайраткерлері, депу­тат­тар Фариза Оңғарсынова тура­лы естеліктерімен бөлісті. «Ақынын сыйлаған елге әруақ та, Алла да риза болады. Фариза кең адам еді, мінезі қаттылау бол­ғанымен, жан-жағына жақ­сы­лық жасап жүретін шалқар жан еді. Мына көшенің өзін­дей кеңдігін көріп, қуанып отыр­мыз. Фариза ақиқаттың ақыны болды, шындықты айтып өтті. Шындықты айтудың өзі – ерлік. Елдің шындығын, елдің мұңын өле-өлгенше күйттеп кет­ті. Ал қазір Фаризаға деген халықтың шексіз махаббатын көріп жүрміз. Фариза қазақтың қызы бола отырып, ұлы да бола білген адам. Қазақ өзі­нің игі жақсыларына ешкімді тең­­­гермейді. Бірақ Фаризаны Ма­­хамбетке теңеді. Мен дәл сон­дай ұлыларға теңеген басқа қайраткерлерді білмеймін. Фари­за өз заманында Махам­бет­тің орнын жоқтатпаған, соны толтыруға тырысқан ұлы тұлғалардың бірі болды» деді қоғам қайраткері, жазушы Алдан Смайыл.

Фариза Оңғарсынова кө­ше­­­сін ақынның ұлы Алмас Оң­­ғарсынов пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ашты. Енді елорда төрінде Оңғарсынова көшесі салтанат құрады. Көше бойымен жүріп өткен әр жолау­шы­ның жадында ақын есімі мәңгі сақ­тал­мақ.

 

Гүл БЕКЗАТ