Токиоға кімдер барады?
Токиоға кімдер барады?
120
оқылды

2020 жылы Жапония астанасы – Токиода өтетін жазғы Олим­пиа­даға лицензия алған кезекті қазақстандық спортшылардың тізімі жа­рияланды.

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті таратқан ақпаратқа сүйенсек, әзірге Ұлттық құрама еншісінде спорт­тың 14 түрі­нен 25 лицензия бар.

«Ұлттық құраманы 2020 жы­лы Токиода өтетін Олимпиада ойын­да­рына дайындау бойынша кешенді жос­пар жасалды. Басты мақсат – төрт­жылдықтың басты додасы үшін Олимпиада жолдамаларына қол жет­кізу» дейді Спорт және дене шы­нық­тыру істері комитеті төрағасы Серік Сә­пиев.

Мәселен, жеңіл атлетикадан екі спорт­шы – Ольга Рыпакова (үш ат­тап секіру) мен Георгий Шейко (20 ша­қырымдық жүру) лицензия иеленген. Сон­дай-ақ ашық суда жүзуден Виталий Худяков, жүзуден Дмитрий Баландин (2 лицензия), велошосседен Евгений Гидич Олимпиадаға жолдама алса, са­дақ атудан 4 лицензия бар.

Мәнерлеп жүзуден Александра және Ека­терина Немичтер өнер көрсетеді. Грек-рим күресі мен әйелдер күресінен екі-екіден жолдама бар. Мейрамбек Ай­нағұлов пен Асхат Ділмұхамедов Жа­пония астанасына жол тартса, Ва­лен­тина Исламова мен Эльмира Сыз­дықова да төрт жылдықтың дүбірлі до­­дасына сақадай сай.

Еркін күрестен әзірге төрт лицензия бұйрыған. Нұрислам Санаев (57 келі), Дәулет Ниязбеков (65 келі), Данияр Қай­санов (74 келі), Ерғали Әлішер (97 келі) Токио татамиінде тер төкпек.

Ал спорттық гимнастикадан Милад Ка­рими, стенд атудан Сәрсенгүл Рыс­бекова, мылтықпен атудан Юрий Юр­ков, қазіргі бессайыстан Елена Пота­пен­ко мен Павел Ильяшенко байрақты бә­секеде барын салады.

Осы орайда, мынаны айта кет­кен жөн. Биыл ұлттық құрама спорт­шы­лары Олимпиадаға жолдама беретін көп­теген жарысқа қатысады. Олардың қа­тарында Әлем чемпионаты, Азия бірін­шілігі және әлемдік іріктеу тур­нирі бар.

Келер жылы да Олимпия ойын­дарына жолдама беру жалғаса береді. Спорт және дене шынықтыру істері ко­митеті 2020 жылғы додаға кемінде 32 спорт түрінен 105 жолдама алуды жос­парлап отыр.

 

Әлихан АБАЙ