Францияда банк өртке оранып, 40 шақты полицей жарақаттанды (видео)
Францияда банк өртке оранып, 40 шақты полицей жарақаттанды (видео)
132
оқылды

Үкіметтің мәліметтері бойынша 130 мыңнан астам адам, ал ұйымдастырушылардың айтуынша жарты миллионға дейін адам «Әлемдік қауіпсіздік туралы» заңның қабылдануына наразылық білдіру үшін Франция қалаларының көшелеріне шықты.

Қалай десек те, Францияның астанасы Париждің өзінде 46 мыңнан астам адам көтеріліске шығып, арты полицейлермен қақтығысына ұласқан. [embed]https://youtu.be/p43xZspjF78[/embed] Париждің орталығында орналасқан Бастилия алаңындағы Франция банкінің штаб-пәтері өртке оранды. Осындай көріністер Ренн (елдің батысында) мен Лион (Францияның орталығында) секілді басқа да қалаларында орын алуда. Сонымен қатар, қазірдің өзінде елордада он шақты адам, ал бүкіл елде 20 адамға дейін қамауға алынды. Франция ішкі істер министрі Джеральд Дарманиннің айтуынша, 37 полиция қызметкері мен ұлттық жандармерия мүшелері жарақат алған. Көптеген көлік талқандалып, ғимараттар зақымдалған.