Коронавирусқа қарсы антиденесі бар сәби өмірге келді
Коронавирусқа қарсы антиденесі бар сәби өмірге келді
Жүктілік кезінде коронавирус инфекциясымен ауырған Сингапур тұрғыны COVID-19-ға қарсы антиденесі бар баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы Аikyn.kz Straits Times-қа сілтеме жасап хабарлайды. 31 жастағы Селин Нг-Ченде наурыз айында, жүктіліктің оныншы аптасында коронавирус анықталған. Басылымның мәліметінше, әйел Еуропаға сапардан оралғанда вирус жұқтырған. Екі жарым аптадан кейін ол ауруханадан шығарылған. Қараша айында Нг-Чен Олдрин атты ұл туды. Дәрігерлер оның сәбиінен коронавирус таппады.
«Бұл өте қызықты. Педиатр мендегі COVID-19-ға қарсы антидене жоғалып кеткенін айтты, бірақ Олдринде бар. Дәрігерім жүктілік кезінде оған антиденемді бердім деп болжайды", – деді босанған әйел.