«Барыс» мәскеулік «Спартакты» ұтты
«Барыс» мәскеулік «Спартакты» ұтты
«Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Мәскеудің «Спартагын» қабылдады. Бұл туралы Aikyn.kz inform.kz сайтына сілтей отырып хабаралайды. Осының алдында қатарынан бесінші рет жеңілген елордалық команданың жағдайы мәз емес еді. Турнир кестесінде 25 ұпаймен жалпы есепте 19-ыншы, ал Шығыс конференциясында 10-орында тұрған еді. Плей-офф додасына қатысуға мүмкіндік беретін үздік сегіздікке ілігу биыл «Барысқа» оңайға түспейтін түрі бар. Ал 34 ұпай жинаған «Спартак» жалпы есепте 12-інші, Батыс конференциясында 6-сатыда тұрған болатын. «Спартакпен» ойында бірінші кезеңде Кёртис Валк 13-минутта есеп ашты. Екінші кезеңде де осы үштік көзге түсіп, К.Валк, Линус Виделль қатысқан әдемі комбинациядан кейін Якоб Лилья есепті 2:0-ге жеткізді. Ойын барысында елордалық хоккейшілер жиірек тәртіп бұзғанымен, оны мәскеуліктер пайдалана алмады. Үшінші кезеңде 55-минутта қонақтардан Йори Лехтеряның пасынан кейін Сергей Широков есепті қысқартты. Осылайша «Барыс» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Келесі турда Юрий Михайлистің шәкірттері 1 желтоқсан күні өз айдынында «Сочи» клубын қабылдайды.