Түркістанда Hazret Sultan Airport халықаралық әуежайы жұмысын бастады. Әуе айлағында «ашық аспан» режимі жұмыс істейді.
1 желтоқсанда әуежай лоукостер компаниясының Нұр-Сұлтан-Түркістан бағыты бойынша алғашқы рейсін қабылдайды. 5 желтоқсанда Алматыдан әуе қатынасы ашылады.
Жақын арада Түркістанға және басқа да қазақстандық әуе желілеріне ұшу күтілуде, – делінген хабарламада.