Елордада  жастар көшеде шай мен бауырсақ таратты
Елордада  жастар көшеде шай мен бауырсақ таратты
143
оқылды
Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс» әлеуметтік қайырымдылық жобасы өтіп жатыр. Еріктілер бүгін қала көшелерінде шай мен бауырсақ таратты.  Бүгін еріктілер «30 игі іс» акциясы аясында  елорда тұрғындары мен қонақтарына, қаламызды тазалайтын «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақ таратты. Осылайша, еріктілер осы аязды күні жақсы көңіл күй сыйлады. Барлығы 50 литр шай және 7 кг бауырсақ таратылды.
«Еріктілер жалғыз тұратын қарт адамдарға, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмектесті. Жастар қар шығарып, арықтарды тазартты. Бұл үй жанында еріген қар кедергісіз ағып кетуіне көмектеседі. Еңбекқор, мейірімді, үлкенге ізет көрсететін жастар 30 қарттың ауласын ю қардан тазартты. Акцияға қатыса отырып, еріктілер жас ұрпақтың ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестерін есте сақтайтынын және бағалайтынын көрсеткісі келеді, – деп атап өтті ЖРО.