Жол апатынан 3 адам көз жұмды

Жол апатынан 3 адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 29 қараша күні Қазталов ауданы аумағында болған. Сағат 15.46-да Қазталов-Чапаев жолының 16-шақырымында «Волга» және «Лада Гранта» автокөліктері соқтығысып, салдарынан «Лада Гранта» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қайтыс болды. Көлікте қыстырылып қалған жүргізушіні №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері алып шыққаны белгілі болды.