Батыс Қазақстан облысындағы тасжолда жантүршігерлік апат болды. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тапты. Жарақат алған тағы үш зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Aikyn.kz Tengrinews.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды. Облыстың төтенше жағдайлар департаменті апат 29 қарашада түстен кейін Казталовка-Чапаево тас жолының 16-шы шақырымында болды деп хабарлады. «Волга» «Лада Гранта» көліктері cоқтығысты. Жол-көлік оқиғасы болған жерде «Лада Гранта» жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. «Волга» жүргізушісі мен екі жолаушы Казталов ауданының орталық облыстық ауруханасына жеткізілді, – деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметінде. Денсаулық сақтау басқармасы 52 жастағы әйел мен екі ер адамның қайтыс болғаны туралы хабарлады. Айта кетейік, қазір БҚО-да қар жауғаннан кейін жолдарда көктайғақ байқалады.