Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

30 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің солтүстігі, шығысы, орталығы және оңтүстік-шығысында қар жауады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейіп, еліміздің солтүстік-шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, күндіз – көктайғақ. Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.