Нигерияда лаңкестер 110 фермерді бауыздап кетті

Нигерияда лаңкестер 110 фермерді бауыздап кетті

Нигерияда атышулы «Боко харам» лаңкестік тобы 110 фермерді өлтіріп кетті деген дерек тарады, деп хабарлайды «Хабар 24». Қанды шабуыл Борно штатының күріш алқабында болған. Содырлар жұмыс істеп жатқан диқандарға келіп, бәрін бауыздап тастаған. Кеше аймақта соңғы 13 жылда тұңғыш рет өзін өзі басқару мекемелерінің сайлауы өтіп жатқан еді. «Боко харам» террористік ұйымы Нигерияда 2002 жылы пайда болған. Соңғы 11 жылда лаңкестердің қолынан 36 мың адам қаза тауып, 2 миллион тұрғын үйлерін тастап, босып кеткен.