2030 жылға қарай қазақстандықтардың саны 20 миллионнан асады
2030 жылға қарай қазақстандықтардың саны 20 миллионнан асады

2030 жылға қарай қазақстандықтардың саны 11% өсіп, шамамен 20 миллион 600 мыңнан асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы осындай демографиялық болжам жасады. Орталықтың ақпаратына сәйкес, тұрғындар саны бір милионнан асатын өңірлер саны да артады. 10 жылдан кейін Алматы және Түркістан облыстарындағы адам саны 2 миллионға жетеді. Ал Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында 1 миллионнан астам тұрғын болады.
Сарапшылардың болжамы осындай. 2030 жылға қарай мегаполистер саны артады Демографиялық көрсеткіштер өскенімен, қала мен ауыл тұрғындарының саны теңеспейді. Болжамдарға сәйкес, он жылдан кейін қалада 13 миллионға жуық адам тұрса, 8 миллион қазақстандық азамат ауылды жерде өмір сүреді. Ал жалпы халық санының үштен бір бөлігі ірі қалаларда шоғырланады. Мамандардың айтуынша, осы уақыт аралығында Алматы және Түркістан облыстарында 2 миллион адамнан тұрады. Ал Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында 1 миллионнан астам тұрғын болады. Сараптамаға сәйкес, елімізде жастар көбейеді. Мысалы, Түркістан облысы 2030 жылы жас тұрғындар бойынша көшбасшы болады. Өңірдегі жастардың саны жарты миллион адамды құрайды. Сарапшылар үштікке Алматы облысы және Алматы қаласын кіргізген. Сонымен бірге мамандар ХХІ ғасырдың ортасына қарай Қазақстан жастарының үштен екісі қалаларда тұрады және ұлдар қыздардардан көп болады деп санайды.