Шымкенттің әр ауданына млрд теңге бөлінеді
Шымкенттің әр ауданына млрд теңге бөлінеді

Барлық қаражат инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. 2020 жылы Шымкенттің әр ауданына миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды BaigeNews.kz.

Алдағы бөлінер қаражат көлемі туралы қала әкімі Ерлан Айтаханов Еңбекші ауданының даму көрсеткіштері бойынша әкімдік отырысында айтты.

Оның айтуынша, қаржы инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.

«Келесі жылдан бастап аудандарға қыруар қаражат бөлінеді. Оларды негізгі мәселелерді шешуге жұмсау керек. Мемлекет ақшасы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жұмсалады», - деді мегаполис басшысы.

Әкім бюджеттің әр теңгесі аталған мақсаттарға жұмсалатынын мәлімдеді.