Велоспортшылар Олимпиаданың үш жолдамасын иеленді
Велоспортшылар Олимпиаданың үш жолдамасын иеленді
5,123
оқылды

Olympic.kz хабарлағандай, тасжолдағы велоспорттан Қазақстан командасы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына 3 жолдама жеңіп алды.

Әлемдік рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстанға үш квота тиесілі (2018 жылдың 22 қазаны – 2019 жылдың 22 қазаны аралығы). Рейтингте қазақстандық спортшылар 3259,35 ұпаймен 19-шы орынға тұрақтаған. Олимпиадаға іріктеу ережесі бойынша бұл нәтиже арқылы төртжылдық додасына үш спортшы жіберуге мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, 2004 жылдан бері біздің команда топтық сынға жолдама алып отыр. 16 қараша күні Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) Қазақстан құрамасының үш жолдама иеленгенін ресми түрде бекітті.

Ескерте кетейік, квота жекелеген спортшыларға емес, командаға беріледі. 2020 жылғы Олимпиада ойындарында 197 велошабандоз сынға түседі (130 ер адам, 67 әйел адам).