Сарыағашта заңсыз казино жұмыс істеген
Сарыағашта заңсыз казино жұмыс істеген
5,122
оқылды

Түркістан облысын Сарыағаш ауданында заңсыз ойынханамен айналысқан азамат құрықталды. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл тұрғыны жерастынан ашқан ойынхана жұмысын заңсыз жүргізіп отырған. Мұны Түркістан облысы бойынша МКД-нің Сарыағаш аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері заңсыздықты онлайн-кассалық жүйеге көшу бойынша талаптардың орындалмағаны туралы фактілерді анықтау мақсатындағы рейдте анықтаған.  

«Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №219 «Ойын бизнесі туралы» заңын бұзған азамат А.Құлажановқа қатысты құжаттар Сарыағаш ауданының прокуратурасына шара қолдану үшін жолданды», – дейді Түркістан облысы бойынша МКД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда казиноларды Алматы облысы (Қапшағай су қоймасының жағасында) мен Ақмола облысының Щучинск ауданы аумағында жүргізу   арнайы заңмен бекітілген. Басқа өңірлерде казино жұмысын жүргіз заңсыз болып саналады.