Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

«Несиеден шаршаған ел… Айтпасам болмайды» ­– айтыскер ақын Алтынай мен Қарақатты сынға алды

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев Instagram-дағы парақшасында Түркияда саяхаттап, Түркиядан баспана алуды насихаттап жүрген әншілерді сынға алды.

Нұрбек БАҚЫТ
Қараша 30, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет
Алтынай, Қарақат,

Фото: А.Ахметқазы

18.1k
қаралым

Қартайғанда далада қалған әже полицейдің үйін паналап жүр

Ипотекалық ұйымның аты өзгергенмен, заты өзгерген жоқ

Іргесі сөгіліп, қабырғалары қақыраған

«Мен үшін қазіргі қазақ аруларының, қазақ қыздарының, қазақ аналарының ең әдемі үлгісі боп саналатын санаулы өнерпаздар бар. Солардың бірі ­– Қарақат @karakat_a болса, бірі – Алтынай Жорабаева @altynaizhorabayeva Қатты құрметтеймін, сыйлаймын, жақсы көремін, мақтан етемін!

Бірақ, бүгінгі жазбаммен оларды ренжітіп алуым мүмкін. Айтпасам болмайды.
Жақында бірі Аланияға барып демалғандарын, сол жерден үй алғандарын әлеуметтік желіде жариялады. Көп ұзамай тағы бірі сондай қуанышын желіде сүйіншіледі. Алла берекелі етсін! Шын жүрегіммен тілектеспін.
Бірақ, оны жарияға жар салып жарнамалағандарыңыз дұрыс болмады. Сіздер жай қазақ емессіздер ғой. Сіздердің бір сөзден үдере көшуге дайын ел бар.
Баяғыда тарыдай шашыраған қазақпыз. Ол кезде қызыл өкімет қырғын салған, елге, тілге, дінге, салт-дәстүрге қауіп төнгенде туған топырағынан ел ауған, шет жерге, жат елге барып бас сауғалаған.
Қазір ше? Тәуелсіз Отанының болашағын бұлыңғыр көріп, ертеңінен үміт үзген ел көп. Билікке сенбейтін, жемқорлыққа тойған, төреден көңілі қалған, несиеден шаршаған ел әйт десең, атамекенін тастап кез келген «өркениетті» елге көшкелі отыр. Осы сәтте елдің Еңбек сіңірген қайраткерлері, мәдениеттің майталмандары, оның ішінде дәстүрлі өнердің қаймақтары шетелдің «жұмақ мекенін» жарнамалауы достықтан гөрі қастыққа, жанашырлықтан гөрі жаулыққа жақын.
Басқа жұртты білмеймін, менің туысқандарым, бірге туған бауырларым Аланиядан үй алып, көшейік деп отыр.
Мен талай шетелдерде болдым, Азия мен Еуропаға, алыстағы Африкаға да барып өз елімнен артық мекен көрмедім. Ең туыс деген Түркия түгілі, Қырғызстан мен Өзбекстанда үш күннен артық қалсам қазақтың жерін сағынам. Алтай мен Атырауда апталап, Ақтау мен Ақтөбеде айлап, Жезқазған мен Жамбылда жылдап жата берем. Мекке мен Мәдинаны сағынсам да ол жерде ұзақ тұра алмас едім. Жерорта теңізі бір барып демалғанға жақсы шығар, бірақ Аққу көлін, Дуадақ шөлін сағынбай тұра ма?
Басқа елдердегі қандастар оралып, тек Түркия мен Еуропадан қазақтарды келтіре алмай отырғанда, елдегі қазақтарды сол жаққа шақырудағы – мақсат қандай?
Кейде тіпті, жақсы мақсатпен жасалған іс, өлшемей сөйлеген сөз Отаның үшін қауіпті болып жатады.
Артық айтсам, кешіріңіздер!», ­ – деп жазды айтыскер ақын.

 
Тегтер: Алтынай ЖорабаеваБалғынбек ИмашевбаспанаҚарақат ӘбілдинаТүркия
Алдыңғы жаңалық

«Мұқтаждарға көмектесемін» деп ақша жинаған алаяқ ұсталды

Келесі жаңалық

Әлемнің ерте ме, кеш пе ядролық қарудан арылатынына сенімдімін ­– Нұрсұлтан Назарбаев

Ұқсас жаңалықтар

Túrkistan
Мәдениет

Túrkistan халықаралық газеті жинағы жарық көрді

Қаңтар 28, 2021
полиция
Жаңалықтар

Полиция қызметкерлері қайтыс болған ер адамның атына үш несие рәсімдеген

Қаңтар 28, 2021
Қосшы
Әлеумет

Пәтер дауы: Қосшы және Ақмол ауылында дайын үйлер берілмей тұр

Қаңтар 28, 2021
Латын графикасындағы жаңа жетілдірілген қазақ әліпбиі жарияланды
Жаңалықтар

Латын графикасындағы жаңа жетілдірілген қазақ әліпбиі жарияланды

Қаңтар 28, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Túrkistan халықаралық газеті жинағы жарық көрді

Қаңтар 28, 19:39

Полиция қызметкерлері қайтыс болған ер адамның атына үш несие рәсімдеген

Қаңтар 28, 19:29

Пәтер дауы: Қосшы және Ақмол ауылында дайын үйлер берілмей тұр

Қаңтар 28, 19:05

Латын графикасындағы жаңа жетілдірілген қазақ әліпбиі жарияланды

Қаңтар 28, 18:58

Қазақстанда коронавирустан 16 жастағы қыз бала қайтыс болды

Қаңтар 28, 18:38

Қазақстан жемқорлықпен күрестің әлемдік рейтингісінде бірден 19 сатыға жоғарылады

Қаңтар 28, 18:05

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасын қабылдады

Қаңтар 28, 18:02
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Túrkistan

Túrkistan халықаралық газеті жинағы жарық көрді

Қаңтар 28, 2021
полиция

Полиция қызметкерлері қайтыс болған ер адамның атына үш несие рәсімдеген

Қаңтар 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»