Дәуірдің айнасы – Елбасы музейі
Дәуірдің айнасы – Елбасы музейі
422
оқылды
  Бірінші қабатта музейлік экспозициялар, оқу залы, екінші қабатта іс-шаралар өткізуге арналған көпфункционалды зал, ал үшінші қабатта білім беру аудиториясы мен әкімшілік кеңсе орналасқан.

«Тұлғаның қалыптасуы»

Музейге саяхат алдымен «Тұлғаның қалыптасуы» атты залдан басталады. Онда Елбасының отбасы, балалық шағы жайында ақпарат беріледі. Бұл залда Нұрсұлтан Назарбаевтың ата-анасының бейнелері қазақстандық қылқалам шеберлерінің туындыларында көрініс тапты. «Алатау баурайындағы балалық шақ» деп аталатын жанды картинада кішкентай Нұрсұлтанның балалық шағы тұтас символдық образға біріккен. Сонымен қатар, бұл залда классикалық экспозициялық шешімдер мен заманауи технологиялардың көмегімен Елбасының балалық кезі, мектеп жылдары, еңбек жолы, саяси қызметтегі кезеңімен танысуға болады.  width=  width=Залдағы құнды әрі көне жәдігерлердің бірі − Бөлек батырдың дулығасы. Елбасының сегізінші атасы Қарасай батыр (1598-1674 жж), ал сол Қарасай батырдың жауынгерлік дәстүрлерін Бөлек батыр (1700-1785 жж) жалғастырды. Музейде 1729 жылы жоңғар ноянына қарсы жекпе-жекте жеңіске жетіп, иемденген Бөлек батырдың дулығасы ұсынылған.  width= Нұрсұлтан Әбішұлының балалық шағы соғыстан кейінгі қиын-қыстау кезеңге тұспа-тұс келді. 1948 жылы 8 жасар Нұрсұлтан Д. Фурманов атындағы Шамалған орта мектебінің табалдырығын аттады. ХХ-ғасырдың 50-жылдарында қазақ мектептерінің жабылуына байланысты 1957 жылы Нұрсұлтан алты сыныптасымен бірге Абай атындағы аудан орталығы Қаскелеңдегі қазақ мектебіне ауысады. width= width=1960 жылы 3 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев сол уақыттағы Қазақстан мен Орта Азиядағы ең алғашқы домна пешінің іске қосылуына қатысты. 1962 жылы Н. Ә. Назарбаев Қарағанды политехникалық институттың Теміртаудағы филиалына «Қара металдар металлургиясы» мамандығына түсіп, өндірістен қол үзбей білім алады.  width=Н. Назарбаевтың өмірбаянындағы маңызды кезең Теміртау қаласымен байланысты. «Магнитка тарихы, Теміртау тарихы, оның тұрғындарының тағдыры менің тағдырыммен тығыз байланысты. Өмірімде Магнитка мен Теміртау болмағанда мен ешқашан Президент болмас едім», - деп Нұрсұлтан Назарбаев Теміртаудағы өмірі жайлы еске түсіреді.  width=29 жасар Нұрсұлтанның өмірінде 1969 жыл шешуші болды. Ол партия және комсомол жұмыстарына белсенді араласып, қарапайым жұмысшыдан кәсіби басқарушылар қатарына өтеді. 1969 жылы 9 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев Теміртау қалалық партия комитетінің өнеркәсіп және көлік бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалады.  width= 1984 жылы 22 наурызда Н. Ә. Назарбаев Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, осылайша ол одақтас республикалар арасындағы ең жас премьер-министр болды. 1989 жылы 22 маусымда Қазақ КСР ОК 15-ші Пленумында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып сайланды.  width= 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің сессиясында Н. Назарбаев еліміздің тарихында алғаш рет Қазақ КСР-нің президенті болып сайланады. Бұл кезең Қазақ КСР-інде Президент лауазымының енгізілуімен ерекшеленеді. Зал концепциясын 1991 жылғы маңызды тарихи оқиғалар легі аяқтайды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Назарларыңызға Н. Назарбаевтың сайлауалды кампаниясының мұрағаттық құжаттары ұсынылған. Бұл сайлауда дауыс берушілердің 98,8%  Н. Назарбаевтың кандидатурасын жақтап, дауыс берді. Президент инаугурациясы 1991 жылы 10 желтоқсанда өтті.  width=Президенттің анты және кәулігі ұсынылған. Сонымен қатар, айырықша үлгідегі – «Алтын қыран» белгісі назарларыңызға ұсынылып отыр. ҚР Президенті туралы конституциялық заңның 6-бабына сәйкес Президент өзінің қызметі бойынша осы орденнің иесі.  width=

«Президент жолы»

Бұл залға кіре бергенде тәуелсіздік нышандары орналасқан. Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың бастамасымен 1991 жылы Конституцияның жобасын дайындау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Музейден бұл құжаттың алғашқы парақтарын көруге болады.  width= Мемлекеттілігіміздің негізін нығайтудағы маңызды фактор, экономикалық тәуелсіздіктің нышаны – теңге. Назарларыңызға Ұлттық валютаны енгізу туралы 1993 жылғы Н. Назарбаевтың баспасөз конференциясы ұсынылған. Қазақстанда өзінің Банкнот фабрикасы болған жоқ, сондықтан Үкімет қағаз ақшаларды басып шығару бойынша өз қызметтерін ұсынатын шетелдік фирмалармен келіссөздер жүргізді. 1992 жылы Англиядан Harrison & Sons менеджерлері келді.  width=

«Стратег жолы»

Бұл залда ұсынылған әрбір материал тек қала туралы ғана емес, жалпы еліміздің болашағы туралы баяндайды. Мұнда әркімнің қолы жете бермейтін ақпаратпен танысуға болады. Мәселен, 2030 жылға дейінгі полицентрлік қаланы дамыту жоспары, жол тораптары, велосипед бағдары, сондай-ақ астананың ауысу тарихы, бас жоспарды құру туралы мәліметтер бар.  width=Тұңғыш Президенттің идеялары елорданың сәулеттік келбетінде көрініс тапты.

«Жаһандық көшбасшы жолы»

Бұл залдың оң және сол жақ бетінде Елбасының шетел басшыларымен кездесулерінен сыр шертетін фотогалерея орналасқан. Жер шарының макетінде Н. Назарбаевтың ядролық қарусыздану мен ғаламдық қауіпсіздік мәселелері туралы сөйлеген сөздері ұсынылған. Ядролық қарусыздану мен бейбіт бастамалары үшін Елбасы көптеген мемлекеттік және қоғамдық наградалармен марапатталды. Солардың ішінде Ұлыбританияның Әулие Михаил және Әулие Георгий ордені бар.  width=«Шығыс-Батыс» институтының Бейбітшілік және превентивті дипломатия сыйлығы Америка Құрама Штаттарындағы ең беделді марапаттардың бірі болып табылады және әртүрлі елдердің саясат және мемлекет қайраткерлеріне мемлекеттік басқару және қауіпсіз әлем құру саласындағы ерекше жетістіктері үшін беріледі.  width= Елбасы «Хиросима қаласының құрметті азаматы».  width=

«Даңқ галереясы»

 «Даңқ галереясы» залында Тұңғыш Президенттің жетекшілігімен жүзеге асырылған Қазақстанның жаһандық саясатының дәлелдері жинақталған. Зал периметрі бойынша дипломатиялық сый-сияпаттар, суық қару-жарақ коллекциясының бір бөлігі және 50-ден астам қоғамдық және жоғарғы мемлекеттік наградалар орналасқан. «Австрия Республикасына сіңірген еңбегі үшін Үлкен Құрмет Жұлдызы». Австрия Республикасының жоғары наградасы «Австрия Республикасына сіңірген еңбегі үшін Үлкен Құрмет Жұлдызы»  орденімен Н.Ә. Назарбаев 2000 жылдың 29 ақпанында Вена қаласында марапатталды.  width= І дәрежелі «Ұлы Витаутас»  ордені. Литва Республикасы. І дәрежелі «Ұлы Витаутас»  орденімен  ҚР Президенті «Литва мен Қазақстан арасындағы мемлекетаралық қатынастарды дамыту ісіне сіңірген еңбегі мен қосқан жеке үлесі үшін» 2000 жылы 5 мамырда марапатталды.  width=«Үлкен лентамен көмкерілген Үлкен Крест Иегері» ордені – Италия Республикасының жоғары марапаты. 1997 жылы Италия Президенті Луиджи Скальфаро ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевқа аталмыш орденді табыстады.  width= «Әулие Апостол Андрей Первозванный» ордені Ресей Федерациясының жоғары марапаты.  Орденмен Ресейдің гүлденуіне, айбыны асып, даңқы артуына ықпал еткен аса үздік еңбегі үшін Ресей Федерациясының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да азаматтары наградталады, сондай-ақ Ресей Федерациясына сіңірген зор еңбегі үшін шет мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары марапатталады. Награданы Ресей Федерациясының президенті Б.Ельцин 12.10.1998 ж. табыс етті.  width=

Елбасыға берілген дипломатиялық сыйлықтар

Үстел сағаттары. Металл, ағаш. Құю, соғу, штамптау. Катар Мемлекетінің Әмірі Тамим бен Хамад Аль Таниден. 26.10.2015 ж.  width=Кәдесый. «Локомотив» моделі. Хрусталь, агат, күміс, бриллиантталған, жалтыратылған, жылантас. Құйма. «Ресей темір жолдары» АҚ-нан. 06.07.2010 ж.  width= «Братина» шөміші. Металл, жартылай бағалы тастар. Металлдағы көркем гравюра. ШЫҰ Хатшылығынан. 12.09.2014ж.  width= Айбалта. Болат, ағаш. Қолдан жасалған. ХХ ғасырдың соңы  width= «Ұлы Бадр алқасы» ордені.  Сауд Арабия Корольдігінің жоғары ордені 624 жылы Ислам діні үшін шешуші шайқас өткен Бадр мекенінің атымен байланысты. Награда алқа мен медальоннан тұрады. 14 караттық сынамалы алтын алқа сауд ұлттық рәміздері және жарты ай бейнеленген, бір-бірімен байланысқан тікбұрышты звенолардан тұрады. 120 миллиметрлік алтын медальонның ортасында ақ әріптермен имандылыққа сенім сөздері – Шахадат: «Ля илаха иллялла уа Мухаммадун расул Алла» (Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед- оның елшісі) сөздері жазылған.  width=«Тәуелсіздік» ордені Н.Назарбаевқа  2007  жылы 11-наурызда табысталды. «Тәуелсіздік» орденін Қатар мемлекетінің Әмірі Хамад бен  Халиф  әл-Тани мырза «екі ел арасындағы әріптестік қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін» табыс етті.  width=2009 жылы 16 наурызда екіжақты қатынастардың дамуына қосқан зор үлесі үшін Н.Назарбаев БАӘ-нің жоғарғы наградасы «Заид» орденімен Халифа бен заид аль-Нахайянның қолынан  марапатталды. Орден БАӘ-нің негізін қалаушы шейх Заид бен Сұлтан әл-Нахаянның құрметіне орай бекітілген. Награда екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға ерекше үлес қосқан шет мемлекеттердің басшыларына табыс етіледі.  width="Түркі әлемінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін" ордені. ТЮРКСОЙ.  Астана қ. 25.05.2010 ж.  width= «Ақ үй» кәдесый тарелкасы. Фарфор. Өрнектеу. Сыртында саммит туралы естелік жазу бар. Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Жаһандық саммитіне қатысу. 01.04.2016 ж.АҚШ, Вашингтон.  width=Камин сағаты. Күміс, жасылтас, алтын жалату, құлпырма тас. Әшкекйлеу. БАӘ Президенті, Мұрагер ханзада Халифа бен Зияд Аль Нахаяннан. 2005 г.  width=Ваза. Жез, эмаль. Құю.  ИИР Президенті Х. Руханиден 10.09.2017 ж.    width=Музейге келушілер Елбасы кітапханасын айналып өтпейтіні анық.  Елбасының кітапханасының қорында мемлекет басшылары, қоғамдық және саяси қайраткерлердің қолжазбалары бар кәдесыйлық кітаптары ерекше орын алады. Же́лю Же́лев (Болгарияның бірінші президенті). «Фашизм». 1993 ж.  width=Джордж Буш үлкені. «All the best. My life in letters and other writings» («Бар жақсылықты тілеймін. Хаттар мен басқа жазбалардағы өмірім»).  width=«Записки Президента»  («Президент жазбалары») РФ Президенті Б.Н.Ельциннен  – кітапта 1990-93 жж. оқиғалар: президент сайлауы, тамыз бүлігі (ТЖМК), КСРО-ның ыдырауы, экономикалық реформалардың басы, 1992-93 жж. конституциялық дағадарыс, 1993 жылғы 21 қыркүйек - 4 қазандағы оқиғалар (халық депутаттар Сьезі мен Жоғарғы Кеңестің таратылуы) баяндалады.  width=Билл Клинтон. «Моя жизнь». («Менің өмірім») 2004 ж.  width=Си Цзиньпин «Ел басқару жөнінде»  width=Дональд Трамп. 2018 ж.  width=Кітапхананың сирек қорынан Құран топтамасының аздаған бөлігі, XVIII-XIX ғғ қолжазбалар ұсынылған.  width=Ел тарихы мен Елбасы еңбегін дәріптейтін Елбасы музейіне жайғасқан құндылықтар саны 11 мыңнан асады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы музейі келушілерді соңында қорытынды шоумен таңқалдырып, спорттық және ұлттық аспаптармен жақын танысу үшін сергіту ойын-сауық шараларын ұйымдастырған. Келушілер экскурсияның соңында пікір-лебізін электронды пікір кітабында жазып қалдыра алады. Музей есігі келушілерге әрдайым ашық.