Бұл туралы azattyq-ruhy.kz жазды.
Әзірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.«Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қаржы министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Руслан Еңсебаевтың қылмыс жасады деген күдікке алған. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – деп жазды саясаттанушы Ербол Еділов.
Қаржы министрлігі өкілінің Azattyq Rýhy тілшісіне берген жауабында қазіргі уақытта Руслан Еңсебаевтың денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін айтты.«Біз бұл ақпаратты растамаймыз және жоққа шығармаймыз», - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.