Путин мен Зеленский желтоқсанда кездеседі
Путин мен Зеленский желтоқсанда кездеседі

Франция президентінің кеңсесі «норман төрттігі» саммиті 9 желтоқсанда Парижде өтетінін хабарлады,–деп жазады Азаттық радиосы.

Украина шығысындағы жағдай және оны реттеу амалдары талқыланатын саммитте Ресей президенті Владимир Путин және Украина басшысы Владимир Зеленский алғаш рет бетпе-бет кездеседі. Соңғы үш жылда алғаш рет өтіп отырған саммитке Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель де қатысады.

«Норман төрттігі» саммиті – Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу үшін 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Украина, Ресей, Франция және Германия жетекшілері мен сыртқы істер министрлігінің кездесу форматы.