Нұр-Сұлтандағы өрттен 5 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтандағы өрттен 5 адам құтқарылды

Елордада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртенді,– деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

16 қараша күндізгі сағат 13:48-де құтқару қызметіне Әуезов көшесіндегі бес қабатты үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.

«Өрт сөндірушілер келіп жеткенде екінші қабаттағы пәтерде тұрмыстық техника мен үй заттары жанып жатқан болатын. Құтқарушылар бірінші кезекте төртінші қабаттан баспалдақтың көмегімен 5 адамды құтқарды. Оның ішінде екеуі – бала. Нәтижесінде өрт 14:05-те сөндірілді. Өрт аумағы – 5 шаршы метр» делінген хабарламада.

© ТЖК

Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Тілсіз жаумен арпалысуға жеке құрамнан 17 адам және 5 техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері үй аумағын қоршауға алды.