Заман тынысын танитын тұлға
Заман тынысын танитын тұлға
371
оқылды

Нұрсұлтан Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды.

Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың феномені туралы шетел президенттерінің пікірін ұсынамыз: Тұлға

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:

«Нұрсұлтан Әбішұлы – саясатта көптен, Кеңес дәуірінен келе жатқан тұлға. Мені қатты таңғалдыратыны – оның заман тынысын тап басып танитыны. Бұл қасиет – бүгінгі әлемді дөп басып сезіне алатын қасиет оған қайдан дарыған?.. Ол адал да әділ. Бір мәселелерді талқылағанда, әрдайым қатардағы адамдарға бұл қалай тиеді деп ойлап тұрады. Бұл жеке адамға, қарапайым отбасылар өміріне қалай әсер етеді?» Тұлға

Дональд Трамп, Америка Құрама Штаттарының 45-президенті:

«Мен Президент мырзаға EXPO-2017 арқылы энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша жаһандық үнқатысуды ілгерілетудегі көрегендігі мен көшбасшылығы үшін ризашылығымды білдіремін. Өзара құрмет пен ортақ мүдделерге негізделген АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің әрі қарай нығая түсетініне үміттенемін». Тұлға

Реджеп Тайып Эрдоған, Түркия президенті:

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – өз заманының аса көрнекті тұлғасы және түркі жұртының ақсақалы. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларына әрқашанда ашықпыз әрі зор құрметпен қабылдаймыз. Қазақстан Президентінің түркі әлеміндегі беделі биік, Нұрсұлтан Назарбаевтың барша түркі халықтарының басын біріктіріп, бауырлас түрік елімен қарым-қатынасты нығайтуға сіңірген ерен еңбегін атап өтпеуге болмайды». Тұлға

Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының төрағасы:

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында біздің елдеріміздің арасында әріптестіктің мықты іргетасы қаланған. Президент Назарбаев елдеріміздің достығын нығайту үшін қаншама жыл аянбай еңбек етті. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты дамытуға зор үлес қосқан Нұрсұлтан Назарбаевты Қытай елі жақсы біледі және аса құрметтейді». Тұлға

Ильхам Әлиев, Әзербайжан Республикасының президенті:

«Аймақтағы бейбітшілікке бағытталған Қазақстан басшылығының жүйелі дана саясаты көбіне қауіпсіздікті нығайтуды көздейді. Қазақстан тұғыры биік, тегеуріні мықты мемлекетке айналды. Сондықтан да аймақтық мәселелерді шешуде Қазақстанның рөлі мен маңызы арта түсуде, ал біз бұл мемлекеттің жетістігіне әрқашан да қуаныштымыз. Мен Қазақстанның жаңа елордасын көріп, қарқынды құрылыспен салынып жатқан жаңа қаланың көркіне тәнті болдым». Тұлға

Джордж Буш, АҚШ-тың  41-президенті:

«Сіздің жетекшілігіңізбен Қазақстан соңғы жылдары саяси және экономикалық реформаларда үлкен ілгерілеуге қол жеткізді. Осындай қиын жағдайда жеткен жетістіктер қажырлы еңбегіңіздің ақталғанын көрсетеді». Тұлға

Барак Обама, АҚШ 44-президенті:

«Президент Назарбаев ядролық қаруларды таратпау мәселелерінде әлемдегі үлгілі көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, қауіпсіздік пен экономикалық өркендеуге қол жеткізуде үлгі бола алады. Бұл қадам Қазақстанды өңірдегі тұрақты елдердің біріне айналдыруға мүмкіндік берді». Тұлға

Кофи Аннан, БҰҰ Бас хатшысы (1997-2006 жж.)

«Қазақстан - ТМД мемлекеттерінің ішінде ауызбірлігімен, татулығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, бұл мемлекетте экономикалық өсу байқалады. Қазақстан түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүретін мемлекеттің үлгісіне айнала алады. 1991 жылы Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы және сынақ полигонын жабуы ядролық қарусыздандыру мен оны тараптау бойынша жаһандық талпыныстарға елеулі үлес қосты». Тұлға

Пан Ги Мун, БҰҰ бас хатшысы (2007–2016 жж.):

«Сіз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ядролық қарудан өз еркімен бас тарту туралы өте дұрыс әрі көрегенді шешім қабылдадыңыз, сондай-ақ Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақты құру бастамасын ілгерілетуге ықпал еттіңіз. Сіз Непал және Ирактағы БҰҰ-ның бейбіт мақсаттарына жәрдемдесуге қызметкерлеріңізді ұсынып, БҰҰ-ның бағдарламалары мен қорларға материалдық көмек көрсетіп отырсыз». Тұлға

Маргарет Тэтчер, Ұлыбритания Премьер-министрі (1979-1990 жж.):

«Қазір жаһандық саясатта 5-6 ірі және ықпалды саясаткер бар. Солардың бірі – Нұрсұлтан Назарбаев. Мен оған сенемін және оның барлық бастамаларын қолдаймын». Тұлға

Виктор Садовничий, М.В. Ломоносов атындағы ММУ ректоры:

«Қазақстанның үдемелі өзгеруі – аса көрнекті мемлекет қайраткері, мықты ғалым, халықтар достығын дамытуға үлкен үлес қосқан Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты. Мәскеу мемлекеттік университеті 1994 жылы дәл осы оқу орнының ғимаратында Нұрсұлтан Назарбаев еуразия, бұрынғы посткеңестік елдерді интеграциялау идеясын алғаш қозғағанын мақтан тұтады. Қазақстанның лидері аса көрнекті, әлемдегі ең құрметті мемлекеттік басшылардың бірі болып табылады». Тұлға

Ли Куан Ю, Сингапур Республикасының бірінші премьер-министрі (1959-1990 жж.)

«Президент Назарбаев — кеңестік саясаттағы жарық жұлдыз, түрлі республикалар арасындағы ірі тұлға. Қазақстан лидері — белгілі деңгейде қатал, тәжірибелі, жедел шешім қабылдай алатын адам. Одақтың басқа республикаларының өзі мойындаған жылы шырайлы, талантты және табанды басшы. Назарбаев республиканы басқарып тұрғанда, Қазақстанның табыстарға жету мүмкіндігі анағұрлым мол болады. Тұлға

Ху ЦЗИНЬТАО, ҚХР-дың бұрынғы төрағасы:

«Тәуелсіздік жылдары Сіздің басшылы­ғы­ңызбен еңбексүйгіш те ақылман Қазақстан халқы өзінің қажырлы да жасампаз еңбегімен дамудың дұрыс жолын таба білді. Бүгінде Қазақстанда экономика тұрақты даму үстінде, халықтың әл-ауқаты артып, қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығы сақталып отыр. Соңғы жылдары Қытай - Қазақстан қатынастары белсенді дамуда». Тұлға

Абдулла ГҮЛ, Түрік Республикасының бұрынғы президенті:

«Әр келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы - Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды. Астананың құрылыс жұмыстарына түрік фирмалары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең әсем нышандарының бірі деп білеміз». Тұлға

Ангела МЕРКЕЛЬ, ГФР канцлері:

«Жауапты міндеттерді одан әрі атқаруыңызда Сізге зор табыстар мен сәттілік тілеймін. Экономикалық, қоғамдық және саяси реформаларды жүргізуде Қазақстан бұдан былай да Германия тарапындағы қолдауға сенім арта алатын болады». Тұлға

Хуан КАРЛОС І, Испания королі:

«Сіздің еліңіз осы жылдар ішінде айтар­лықтай нәтижелерге жетті. Біздің бірлескен жұмысымыздың арқасында біздің мемле­кет­теріміз арасындағы қарым-қатынастар достық пен ынтымақтастық рухында дамып отырғаны мені ерекше қуантады. Мен Сіздің күш-қуатыңыздың арқасында Қазақстан өміріндегі жаңа кезең тағы үлкен прогреспен және халықтың әл-ауқатының артуымен белгілі болатынына сенемін».