Оқушы әлемде жоқ құрылғы ойлап тапты
Оқушы әлемде жоқ құрылғы ойлап тапты

Жаңа құрылғы мұнай-газ құбырындағы ақауды анықтайды.

24.kz-тің жазуынша, мектеп оқушысы Андрей Бабошкиннің жаңалығы қолданысқа енсе, мұнай-газ саласында апатты тез анықтауға септігін тигізеді.

Оқушының айтуынша, жаңа құрылғының әлемде әлі күнге дейін баламасы жоқ. Артықшылығы жаңа құрылғы ұшқышсыз басқарылатын жүйе радиобелгінің көмегімен олқылықты дәлме-дәл табады. Ол үшін арнайы бағдарлама енгізілген. Ал, камераның орнына тепловизор орнатылған.

«Мұнай-газ магистралінде арнайы датчиктер орнатылған. Яғни, бұл құрылғы көкте ұшып жүріп, құбырдағы қысым арқылы ақау шыққан жерді бірден тауып алады. Әрі мониторинг жасап отырады. Осының арқасында экологияға айтарлықтай көп зиян келмейді», — дейді оқушы.