Өгей әке 5 жасар қызын өзін әке ретінде қабылдамағаны үшін көміп тастаған (видео 18+)
Өгей әке 5 жасар қызын өзін әке ретінде қабылдамағаны үшін көміп тастаған (видео 18+)

Қайғылы оқиға Қырымда болған.

Ntv.ru-ға сілтеме жасаған «Спутник Қазақстанның» жазуынша, өгей әке бес жасар қызды өзін тыңдамағаны және әкесі ретінде қабылдамағаны үшін қылқындырып өлтіргені анықталған.

Күдікті бес жасар өгей қызын көміп тастаған жерді өзі көрсетті. Ресми видеоны Ресейдің тергеу комитеті жариялады.

Күдіктінің айтуынша, ол қыздың денесін көліктің артқы орындығына салып, үйден алып шыққан. Ал алдыңғы орындықта ер адамның кіші ұлы отырған.