«Әлем аруы — 2019»: Қазақстан туралы видео жарияланды (видео)
«Әлем аруы — 2019»: Қазақстан туралы видео жарияланды (видео)

Ұлыбританиядағы әлемдік сұлулық байқауында көрсетілетін Қазақстанның туристік орындары туралы ролик көпшілік назарына ұсынылды.

Қазақ елінің хас сұлуы — Мәдина Батық 14 желтоқсанда Лондонда өтетін «Әлем аруы — 2019» байқауында осы видеоны көпшілікке насихаттайды.  Роликті түсіру үшін 10 мың шақырымнан астам жол жүріп, екі апта Қазақстанды шарлаған. Видеода Атырау мен Алтайдың арасын тұтастай қамтуға тырысқан.