Түркістан облысында карантин шаралары жеңілдетіле бастады. Бұл туралы облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов брифинг барысында айтты. «Азық-түлік және киім-кешек базарлары, көлік жөндейтін орындар мен май құю бекеттері күнделікті ашылып, жұмыс істей беретін болды. Одан бөлек қоғамдық көліктер де жексенбі күні жолаушылар тасымалдай береді. Бұл жеңілдету шаралары тұрғындардың аурушаңдық белгілері көрсетілген деңгейден аспағандықтан қолға алынып отыр. Мұндай жаңдайда карантиндік жеңілдіктер жасауға рұқсат етіледі»,- деді Нұрбек Нышанов. Ол өңірдегі азық-түлік және киім-кешек базарлары мен сауда орталықтарына белгіленген шектеулердің біразы алынып тасталғанын айтты. Мысалы, сауда нысандары мен түрлі қызмет көрсету орталықтарына сенбі, жексенбі және мереке күндері де жұмыс істеуге рұқсат берілген.