Боранға байланысты республикалық  маңызы бар жол жабылды
Боранға байланысты республикалық  маңызы бар жол жабылды
107
оқылды

30 қарашада сағат 15.30-дан бастап, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-тың Алматы облыстық филиалы және «ҚазАвтодор» ЖШС-ның Алматы облыстық филиалының ақпараты бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінуінің нашарлауы) республикалық маңызы бар Үшарал ­– Достық жолының бір бөлігі (84 -184 шақырымы - Көктума мен Достық ауылдарының арасы) көліктің барлық түрлеріне жабылды.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан осы бағытта жолға шықпау керегін ескертеді. Бұған дейін облыстық маңызы бар Алматы – Өскемен – Қапал-Арасан шипажайы (0 км-ден 45 км-ге дейін) арасындағы жол жабылды.