#Birinshi хэштегімен 1000-нан аса жазба жарияланды
#Birinshi хэштегімен 1000-нан аса жазба жарияланды
148
оқылды
Әлеуметтік желілерде Jas Otan белсенділері Елбасының тәуелсіз Қазақстанды құрудағы рөлі туралы жазуда.

Акция әлеуметтік желілерде онлайн форматта өтіп, қысқа мерзім ішінде #Birinshi бірыңғай хэштегімен 1000-нан астам жарияланым жинады.

Сонымен қатар акцияға қатысушылар Елбасымен жеке кездесулері туралы, сондай-ақ оның билік ету кезеңіндегі тағдыршешті шешімдері туралы жазды. Акцияға қатысушы Марлен Қарабұлатов Елбасының есімі Қазақстан мен әлем тарихына мәңгі жазылатын бірегей тұлға екенін айтты: «Елбасы шын мәнінде біздің заманымыздың батыры. Оның ел басқарған соңғы жылдарында еліміз ойға сыймайтын шыңдарға жетті. Елбасының ел халқына сіңірген еңбегін мәңгі сақтау – бұл біз жасай алатын аз ғана нәрсе. Мен және менің достарым Елбасыға байланысты естеліктер туралы қуана жаздық. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын», – деді Jas Otan белсендісі.