Индонезияда жанартау оянды. Левотола тауынан аспанға атылған жалынның түтіні төрт шақырымға дейін жеткен.
Әбігерге түскен халық үйлерін тастап қашып жатыр.
Нуса-Тенггар елдімекеніндегі жанартау жексенбі күні атылған. Куәгерлер табиғаттың тосын мінезін видеоға түсіріп әлеуметтік желіде жариялады.
Жергілікті биліктің мәліметінше, үш жарым мыңға жуық тұрғын баспанасын тастап бас сауғалап қашып кеткен.