Жанартау атқылап, халық үйін тастап қашып жатыр
Жанартау атқылап, халық үйін тастап қашып жатыр

Индонезияда жанартау оянды. Левотола тауынан аспанға атылған жалынның түтіні төрт шақырымға дейін жеткен.

Әбігерге түскен халық үйлерін тастап қашып жатыр. Нуса-Тенггар елдімекеніндегі жанартау жексенбі күні атылған. Куәгерлер табиғаттың тосын мінезін видеоға түсіріп әлеуметтік желіде жариялады. Жергілікті биліктің мәліметінше, үш жарым мыңға жуық тұрғын баспанасын тастап бас сауғалап қашып кеткен.

Еске сала кетейік, Индонезияда мұндай 130-дан астам жанартау бар.