Ресми: «Астана біздікі...» деп қару-жарақпен мақтанған ер адам ұсталды (видео)

Нұр-Сұлтанда көлікте отырып, тапаншаның бірнеше түрімен видео түсірген ер адамды үйінен ұстады.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған жергілікті тұрғын ұсталды», — деп хабарлады полицейлер.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары қоғамда үрей туғызған бейнероликті түсірген адамды да ұстаған.

Ұсталған күдікті 24 жаста, бұған дейін сотталған.

Істің анық-қанығы тексеріліп жатыр.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.