Пластиктен кірпіш жасап шығарды
Пластиктен кірпіш жасап шығарды
120
оқылды

«ҚазАқпараттың» жазуынша, Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы жаңалығымен бөлісті.

Оқушы Ермек Кеңесов кірпіштің жаңа түрін ойлап тапты. «Бұл жобаны зерттеу кезінде БҰҰ-ның деректерінше, пластикалық қалдықтар жыл сайын әлемде 1 миллионнан астам құс, 100 мыңға жуық су жануарлары мен балықтардың жойылуына себепші болатынын анықтадым. Пластикалық пакеттер Тынық мұхитында қоқыстардың аралына айналып барады. Мұның барлығы антропогендік әрекеттердің салдарынан туындайтыны шындық», – деді Ермек Кеңесов. Ол осылайша, пластикалық қалдықтарды өңдеу арқылы қайта қолдануға болатынын дәлелдеп отыр.