Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда, 1 желтоқсан күні Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түркістан қаласында күндіз шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с күшеюі мүмкін. Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл облысының кей аумағында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Тараз қаласында 1-2 желтоқсан күндері тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Петропавл қаласында 1-2 желтоқсанда тұман түседі. Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.