Шымкент қаласына жаңадан 590 автобус жеткізілді. Жолаушыларды тасымалдауға арналған автобус, жоғары сапа стандартына сай. Автобустар бейнекамера, желдеткіш, хабарлама жариялауға арналған микрофондармен жабдықталған, пандус пен мүгедектердің арбаларын орналастыратын орындар да қарастырылған. Қала әкімі Мұрат Әйтенов «T-bus» автопаркіне барып, жаңа автобустарды көрді. 1 желтоқсаннан бастап 150 автобус қаланың шалғай аудандарын орталықпен байланыстыратын №103, 27, 35, 84, 135, 92, 74, 12 маршруттарында қызмет көрсетеді.